Азаттық радиосы қырғыз қызметі Бішкекте жабылып қалған ойынханалардың 200-ге тарта қызметкері үкімет үйінің алдында наразылық шарасын өткізгенін хабарлады.
Олар жұмыс тауып беруді және ойынханалар жабылып қалғаннан бері көрген шығындарын өтеп беруді талап етеді.
Наразылық танытушылардың айтуынша, қаңтардың 1-інде күшіне енген ойынханалар қызметіне тыйым салатын жаңа заң аясында елде ондаған ойынхана жабылып, онда істейтін 15 мыңнан астам қызметкер жұмыссыз қалған.
Ойынханалардың бұрынғы жұмысшылары мен ойынханалардың жабылмауын жақтайтындар заң қабылданғалы бері наразылық акцияларын өткізіп келеді. Статистика бойынша, ойынханалар Қырғызстан бюджетіне жыл сайын 11 миллон АҚШ доллары мөлшерінде салық төлейді.
Бұған дейін елде ойынханалар орналасатын бір ғана орталық құру туралы ұсыныстар да айтылған. Бірақ парламент оны қабылдамады.