Accessibility links

Ресейде суықтан 215 адам қайтыс болды


Мәскеу өзенінен 20 градус аязда балық аулап тұрған адам. Мәскеу, 3 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәскеу өзенінен 20 градус аязда балық аулап тұрған адам. Мәскеу, 3 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресей денсаулық сақтау министрлігі биыл қыста қатты суықтан 215 адам қайтыс болғанын жариялады.

Министрлік өкілінің айтуынша, ауа температурасының үш апта бойына -14 градустан төмен болуынан 5 мың 500 адам зардап шеккен. Қатты суық әсіресе Ресейдің оңтүстігіндегі Дағыстан республикасында, Краснодар және Волгоград аймақтарында ерекше байқалған.

Өткен 24 күн ішінде ең төмен температура - 52 градустық суық Саха республикасының Токо қаласында тіркелген.

Биылғы қыстағы қатты суықтан Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің тұрғындары да зардап шегіп жатыр.
XS
SM
MD
LG