БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нэви Пиллей кеше ұйымның Бас ассамблеясында Сирияға қатысты баяндама жасады. Онда Пиллей Сирия президенті Башар әл-Асадтың демонстранттарды 11 ай бойы басып-жаныштауы шектен шығып, адамзатқа қарсы қылмысқа ұласқанын мәлімдеді.
Нэви Пиллей үкімет әскерлерінің Хомс қаласының маңайындағы халық тығыз қоныстанған аймақтарды шабуылдап жатқанын да алға тартты.
Жоғарғы комиссар Ресей мен Қытайдың БҰҰ-ның Сирия басшылығын айыптайтын қарарына вето қоюы Башар әл-Асад режимінің демонстранттарды одан сайын басып-жаныштауына жағдай жасап отыр деді.
БҰҰ дерегі бойынша Сирияда 11 айға созылып келе жатқан толқуларда 6 мыңнан астам адам қаза тапқан.