Accessibility links

Алматыда жалғыз адам наразылық акциясын өткізді


Тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі Владимир Казначеев ҰҚК Алматыдағы департаменті алдында акция өткізіп тұр. Алматы, 14 ақпан 2012 жыл.
Тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі Владимир Казначеев ҰҚК Алматыдағы департаменті алдында акция өткізіп тұр. Алматы, 14 ақпан 2012 жыл.
Бүгін Алматыдағы ҰҚК департаменті ғимаратының алдында тіркелмеген "Алға" партиясының белсендісі Владимир Казначеев жалғыз адамдық акция өткізді. Бұл туралы Азаттық радиосына партия белсендісі Ерлан Қалиев хабарлады.

Сағат 12-де өткен акцияда Казначеев "Ойланыңыздар! Репрессияға жол жоқ!" деген жазуы бар плакат ұстап шығып, партия жетекшісі Владимир Козловты, "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявскийді, оппозиция белсенділері Айжангүл Әмірова мен Серік Сапарғалиды босатуды талап еткен.

Қалиевтің сөзіне қарағанда, Владимир Казначеевті акция басталған соң ұзамай Алмалы ауданының учаскелік полицейі ұстап алып, плакатын тартып алған және түсініктеме жазуға мәжбүрлеген. Екі сағаттан кейін босатып жіберген.
XS
SM
MD
LG