Сирия әскерилері бүгін елдің оңтүстігіндегі Дераа қаласына шабуыл жасады. Үкімет күштері шабуыл арқылы осындағы режимнің қарсыласы - "Сирия ерікті армиясының" отрядтарына өтіп кеткен бұрынғы әскерилерді қуып шығуға ұмтылып отыр.
Қалада екі жақ арасында қатты ұрыс болып жатқаны туралы хабарлар бар. Құрбан болғандардың нақты саны белгісіз.
БҰҰ бас ассамблеясының мүшелері бүгін Сирийға қатысты Египет ұсынған қарарға дауыс беруі тиіс. Қарар 11 айдан бері жалғасып келе жатқан зорлық-зомбылыққа Сирия басшылығын айыптап, президент Башар әл-Асадты биліктен кетіруді қарастырады.
Бірақ Бас ассамблеяның тек ұсыныс беруші құжат ретінде ғана күші бар. Ақпанның 4-інде осыған ұқсас қарарға Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Қытай мен Ресей вето қойды.