Accessibility links

Бүгін азаматтық белсенді Жанна Байтелова мен тіркелмеген "Алға" партиясының мүшесі Кенже Әденов Алматыда "Взгляд" газетінің бас редакторы Игорь Винявский қамауда жатқан ҰҚК тергеу абақтысының алдында оны босатуды талап етіп, акция өткізді.

Белсенділер қолдарына "Қазақстанда 37-жыл ма?" деген плакат ұстап шығып, абақты алдына "Журналист Игорь Винявскийге - бостандық" деген парақ іліп кетті.

Белсенділер мұндай акцияларын бір апта бойына өткізуді жоспарлап отыр.

Игорь Винявскийді 26 қаңтар күні Алматы қаласы Алмалы аудандық соты Жаңаөзен оқиғасына байланысты "әлеуметтік араздықты қоздырды, мемлекеттік құрылымды күшпен құлатпақ болды" деген айыппен екі айға қамауға шешім шығарған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG