Австрияның бас прокуроры Вена аймақтық сотының 2011 жылдың маусымындағы Рахат Әлиевті екі банкирді өлтіруге қатысты Қазақстанға экстрадицияламау туралы шешімін сынады деп хабарлады Франс-пресс агенттігі.
Вена соты "әділетсіз түрде сотталады деген себеппен Әлиевті Қазақстанға экстрадицияламауға шешім шығарған. Бас прокурор соттың бұл шешімін "дәйегі жеткіліксіз" деп сынады. Бұл туралы бас прокуратураның кісі қолынан қаза тапқан "Нұрбанктің" топ-менеджерлері отбасыларының қорғаушылар кеңсесіне берген хатында айтылады.
Австрия жоғарғы сотының өкілі Вильфред Сейдл Азаттық радиосына қорғаушылар кеңсесінің сот шешіміне шағым түсіргенін, ал бас прокуратураның Вена сотының шешімін сынағанын растады.
Дегенмен, топ-менеджерлер отбасылары жалдаған қорғаушылар кеңсесінің өкілі Габриэль Лански Австрияда бұл шешімге қайта шағым жасау мүмкіндігі жоқтығын айтады. Бірақ ол бас прокуратураның сот шешімін сынауы Рахат Әлиевтің ісі үшін маңызды екенін айтады. "Бұл Австрияның заңнамалық жүйесінде кемшілік бар екенін және осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа жүгінуге болатынын көрсетеді" дейді ол.
Рахат Әлиев 2007 жылдың мамырында "Нұрбанктің" менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов жоғалып кеткен соң қудалауға ұшырады. Содан кейін Австрияға қашып кетті. Ал Қазақстан соты оны саяси және мафиялық сипаттағы қылмыстар жасады деп айыптап, сыртынан 40 жылға соттады.