Accessibility links

"Халық саған керек кезде сүйенішке келе алмайды"


Ақұштап Бақтыгереева Азаттық радиосына сұқбат беріп отыр. Прага, 2 қыркүйек 2008 жыл
Ақұштап Бақтыгереева Азаттық радиосына сұқбат беріп отыр. Прага, 2 қыркүйек 2008 жыл

Біз «халық» дейміз. Халық саған керек кезде сүйенішке келе алмайды. Тарихтан айтайық: Исатай мен Махамбет халық үшін шапқылады емес пе?! Біреуінің моласы жоқ, біреуінің басын кесіп алды. Сол кезде халық қайда болды?!

Кешегі Алтынбек те шындықты айтайын демеп пе еді? Сонда халқы қайда қалды?! «Алтынбегім қайда?» деген халқы қайсы?

Міне, осындай нәрселерге кейде қиналып барып, көндігуге тура келеді. Адам мойнына салғанға көнеді дегесін, кейде соған көнесің. Себебі, басқа барар жер, басар тауың қалмайды. Міне, осындай жайлардың бәрін көзбен көріп отырмыз, құлақпен естіп отырмыз.

Ақын Ақұштап Бақтыгереева,

"Алтын Орда" газетіне берген сұқбатында айтқаны. 3 ақпан 2012 жыл
XS
SM
MD
LG