Accessibility links

AI: Ауғанстанда 500 мың адам баспанасыз


Amnesty International ұйымының белгісі.
Amnesty International ұйымының белгісі.
Amnesty International халықаралық ұйымы Ауғанстанда соғыс салдарынан жарты миллионға жуық адам баспанасынан айырылды деп мәлімдеді.

Ұйым баяндамасында елде күн сайын шамамен 400 адам баспана іздеп тиісті орындарға шағымданатынын айтады. "Баспанасыз тұрғындардың жағдайы үкіметтің оларға деген көзқарасынан және оған халықаралық қауымдастықтың назар аудармай отыруынан нашарлап отыр" делінген баяндамада.

Тек Кабулдың өзінде баспанасынан айырылған 35 мың адам бар. Тұрғындардың пікірінше, олар елдің басқа аймақтарында шиеленіскен қақтығыстан қашып келгендер.

Amnesty International Ауғанстан үкіметін баспанасыз қалғандарға гуманитарлық көмек беретін ұйымдарға жағдай жасауға шақырды.
XS
SM
MD
LG