Accessibility links

Оралда "Қарсылық жиыны" өтті


Орал қаласында «Қарсылық күні» шарасында жүзге тарта адам жиналды. Олар қазіргі қоғамда қалыптасып отырған жағдайға өз пікірлерін білдірді.

Бұл турасында Азаттық радиосының тілшісі хабарлады. Жиында сөйлегендер әлеуметтік теңсіздік тереңдеп, билік пен халық арасындағы алшақтық ұлғайып бара жатқанын айтты.

Шараны өткізуге Орал қалалық әкімдігі рұқсат бермеді. Әкімдік митинг өткізуге арналған орында бүгін жастардың қоғамдық ұйымдарының шарасы өткізілетінін алға тартқан болатын.

Оралдағы «Қарсылық күні» акциясына жиналғандар Жаңаөзен трагедиясын, сайлаудағы бұрмалаушылық және саясаткерлер мен журналистердің тұтқындалуын айыптады.
XS
SM
MD
LG