Accessibility links

Ресей қырғыздағы әскери базасы үшін қарызын өтейді


Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведев. Мәскеу, 25 ақпан, 2012 жыл.
Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев пен Ресей президенті Дмитрий Медведев. Мәскеу, 25 ақпан, 2012 жыл.
Президент ретінде Ресейге барған алғашқы сапарында Алмазбек Атамбаев қырғыз жерінде орналасқан әскери базасы үшін Ресейдің соңғы 4 жыл бойына төленбеген 15 миллион доллар жалдық ақы қарызын қайтару келісіміне қол жеткізді. Бұл қаржы 10 күн ішінде Қырғызстанға берілетін болды.

Атамбаев сенбі күні «Эхо Москвы» радиосына берген сұқбатында «Жылдар бойына жалдық ақысын төлемейтін базаның бізге қажеті бар ма?» деген сауал тастап, болашақта Кант әуе базасы жабылуы мүмкін екенін айтқан.

Атамбаев Азаттық радиосының қырғыз қызметіне берген сұқбатында «Қырғызстанда әскери базалар болмауы керек. Қырғыз елі біреуге сеніп қарап отырмай, қуатты да күшті әскерін құрып, өзін қорғауы керек» деп атап көрсеткен.
XS
SM
MD
LG