Accessibility links

Мәсімов: Мемлекеттік қызметкерлер саны өспейді


Премьер-министр Кәрім Мәсімов.
Премьер-министр Кәрім Мәсімов.
Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметкерлер санын көбейтуге мораторий жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Сейсенбі күні өткен үкімет отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов мемлекеттік органдардың бірі президенттен мемлекеттік қызметкерлер санын көбейтуді сұрағанын, бірақ қандай да бір қызметкерлер санын өсіруге мораторий жарияланғанын айтты.

Мәсімов бұған қоса мемлекеттік органдарға "қосымша қызмет орындарын өз араларынан қарастыру керегін" ескерте кетті.
XS
SM
MD
LG