Accessibility links

Еуропа Одағы Беларусьтен елшілерін қайтарды


Еуропа одағының сыртқы саясат бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон.
Еуропа одағының сыртқы саясат бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон.
Еуропа одағы елдері Беларусьтен өз елшілерін қайтарып алуға шешім қабылдады. Бұдан бұрын Беларусь билігі Польша мен Еуропа одағының кейбір елдерінің елшілеріне елден кетуді ұсынған болатын. Еуропа Одағы елдері бұл шешімді Минскінің осы әрекетіне жауап ретінде қабылдап отыр.

Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон сейсенбі кешке жасаған мәлімдемесінде Минскідегі Еуропа Одағы елдерінің Беларусьтегі өз елшілерін Брюссельге кеңесу үшін шақырып алғанын айтты.

Сарапшылар мұның Еуропа Одағы мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастың көп жылдан бергі ең қатты шиеленісуі деп бағалап отыр.

27 ақпанда Еуропа Одағы елдерінің сыртқы істер министрлері Беларусьтің 21 шенеунігінің Еуропаға келуіне тыйым салған болатын. Еуропа Одағы оларды президент Александр Лукашенконың саяси бәсекелестерін қудалау шараларын атқарды деп айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG