Accessibility links

Қуғынға ұшыраған өзбек әншісі концерт береді


Өзбекстан әншісі Юлдуз Усманованың веб-сайты. Көрнекі сурет.
Өзбекстан әншісі Юлдуз Усманованың веб-сайты. Көрнекі сурет.
Өзбекстанның танымал поп әншісі Юлдуз Усмановаға бірнеше жылғы тыйымнан кейін бүгін бірінші рет Өзбекстанда концерт беруге рұқсат берілді.

Бұдан бес жыл бұрын, 48 жастағы Усманова батыстық ақпарат құралдарына бірнеше рет сұхбат беріп, билікке "жақпайтын" пікір білдіргеннен кейін мемлекеттік телеарналардан көрінбей кетті. Бұған қатысты ол президент Ислам Каримовтың қызы, Өзбекстанда ықпалды Гүлнара Каримованың қырына ілікті деген ақпарлар пайда болды. Кейін ол Өзбекстанда өзін қудалап жатқанын айтып, біраз уақыт Түркияда тұрды.

Өзбекстанда бұған қоса халық әндерін орындайтын Шерәлі Жураев пен әзілкеш Обид Асомовқа да мемлекеттік телеарналарға шығуға тыйым салынған. Кейбір хабарларға қарағанда, "билік олардың үкіметке оң көзқараста екеніне күмән келтіреді".

Юлдуз Усманованың концерті ақпанның 29-ы күні туған жері Самарқандта өтеді.
XS
SM
MD
LG