Accessibility links

Серік Ахметов оңтүстікте су басқан аудандарға барды


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметов Оңтүстік Қазақстан облысының су басып жатқан кейбір аудандарында болып, жағдаймен танысты деп хабарлады ҚазтАГ агенттігі.

Ахметов соңғы бір аптада екі рет су басқан Ордабасы ауданының Темірлан, Түркістан ауданының Шаға ауылдарына барған. Онда Серік Ахметов 55 елді мекенді су басқанын, төтенше жағдайлар агенттігі мен облыс әкімдігімен бірлесе құтқару жұмыстарымен айналысатын штаб құрылғанын айтты.

Құтқару жұмыстарына құтқару қызметінің 585 қызметкері мен 109 техника және 21 суда жүзу құралдары тартылған. Бөгендер күшейтіліп, су жиналатын жаңа арықтар қазылған.
XS
SM
MD
LG