Accessibility links

ХВҚ Беларуське қарыз бермейтінін мәлімдеді


Солдан оңға қарай: ХВҚ басқарушы директоры Кристина Лагард, Еуропа тобының төрағасы, Люксембург премьер-министрі Жан-Клод Жанкер, Еуропа қаржы комиссары Олли Рехн. 21 ақпан 2012 жыл.
Солдан оңға қарай: ХВҚ басқарушы директоры Кристина Лагард, Еуропа тобының төрағасы, Люксембург премьер-министрі Жан-Клод Жанкер, Еуропа қаржы комиссары Олли Рехн. 21 ақпан 2012 жыл.
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Беларусь үкіметіне қарыз бермейтінін мәлімдеді. ХВҚ бұл әрекетін Беларусьтегі экономикалық реформалардың баяу жүріп жатқанымен түсіндірген.

Қордың ресми мәлімдемесінде "Кейінгі бірнеше айда Беларусь пен Центробанк инфляцияны ауыздықтау үшін бірқатар сәтті қадамдар жасады, бірақ Беларусь қаржылық көмек туралы келісімдер жүргізуге әлі де дайын емес" деп жазылған.

Сонымен қатар бұл мәлімдемеде Минскінің экономиканы тұрақтандыру және қайта құрылымдау бағытында реформалар жасауы қажеттігі туралы айтылған.

ХВҚ шешімдерінің басым бөлігі ең әуелі Еуропа Одағының ықпалымен қабылданады. Ал Беларусь соңғы кездері Еуропа Одағымен арадағы қарым-қатынастарын нашарлатып алды.
XS
SM
MD
LG