Accessibility links

Жаңаөзендік Тамара Ерғазева үш күнге қамалды


Жаңаөзен оқиғасы бойынша ұсталып, абақтыда жатқан Жаңбыр Ерғазевтың әйелі Тамара Ерғазеваны полиция үш күнге қамады.

Ерғазеваның ұсталғанына куә болған Жаңаөзен тұрғыны Дәлелхан Жарылғасынованың Азаттық тілшісіне айтуына қарағанда, оны 14 наурызда Ақтау абақтысында жатқан күйеуімен кездесіп, Жаңаөзенге қайтар жолында ұстап әкеткен.

Жарылғасынованың айтуынша, полиция Тамара Ерғазеваға "үнпарақ таратты" деп айып таққан.

Ерғазеваны іздеп Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөлімінің абақтысына барған Жарылғасынова онымен кездескенін айтады. Тамара Ерғазева өзін үш күнге қамағанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG