Accessibility links

Үндістан Иранның үш азаматын тұтқындамақ


Нью Дели соты "ақпанда Израиль дипломаттарына қарсы жарылыс жасады" деген күдікпен үш ирандықты тұтқындауға шешім шығарды.

"Таймс оф Индия" басылымының жазуынша, ирандықтар Үндістанға туристік визамен келген және Нью Делиде жарылыс болған соң бірден елден кетіп қалған.

Үндістан үкіметі енді күдіктілерді ұстауға көмек сұрап, Интерполға жүгінбек.

Малайзия билігі де Израиль дипломатына қарсы жарылысқа қатысы бар деп айыпталған Иран азаматын Таиландқа экстрадициялағалы отыр.
XS
SM
MD
LG