Accessibility links

Беларусьте лаңкес деп айыпталған Владислав Ковалев атылды


Өлім жазасына кесілген Владислав Ковалев. Минск, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Өлім жазасына кесілген Владислав Ковалев. Минск, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Беларусьте "2011 жылы сәуір айында Минск метросында жарылысты ұйымдастырды" деп айыпталып, өлімі жазасына кесілген екі адамның бірі Владислав Ковалев атылды.


Үкімнің орындалғаны туралы анықтаманы Владислав Ковалевтің Витебск қаласында тұратын туыстары пошта арқылы алған.

Ковалевтің анасы, пошта жәшігінен хатты алып оқыған Любовь Ковалеваның сөйлесуге шамасы келмей, жылай берді.

- Хатты мамам пошта жәшігінен алды. Жоғарғы сот... 16 наурызда хат жазып...
Владислав Ковалевтің анасы мен қарындасы қайғылы хабарды естіп отыр. Витебск, 17 наурыз 2012 жыл.
Владислав Ковалевтің анасы мен қарындасы қайғылы хабарды естіп отыр. Витебск, 17 наурыз 2012 жыл.
үкімнің орындалғанын хабарлапты... Мамам оқыды. Оны ақыры өлтіріпті. Бәрі бекер болды, - деді Владислав Ковалевтің қарындасы Татьяна.

Беларусь жоғарғы соты 2011 жылы 30 қарашада "Минск метросындағы жарылысты ұйымдастырды" деген айыппен Дмитрий Коноваловты, "сыбайлас болды" деген айыппен Владислав Ковалевті өлім жазасына кескен.

2011 жылы 11 сәуірде Минскідегі «Октябрь» метро станциясында болған жарылыстан 15 адам көз жұмып, үш жүздей адам жараланған еді.

Айыпталушылар өткен жылы 7 желтоқсанда ел президенті Александр Лукашенкоға хат жазып, кешірім жасауын өтінді - бірақ президент ол өтінішті орындаудан бас тартқан.

Ковалевтің анасы Любовь Ковалева жуықта ел президенті Александр Лукашенкоға
Өлім жазасына кесілген екі адамның бірі Дмитрий Коновалов. Минск, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Өлім жазасына кесілген екі адамның бірі Дмитрий Коновалов. Минск, 15 қыркүйек 2011 жыл.
хат жазып, үкімнің орындалуын бір жылға кешеуілдетуді сұрады. Любовь Ковалева осы бір жылдың ішінде БҰҰ адам құқы комитеті арызын қарар деп үміттенген.

Президент Александр Лукашенко наурыздың 14-і күні Владислав Ковалевті де, метродағы жарылыс бойынша өлім жазасына кесілген екінші адам Дмитрий Коноваловты да ақтаудан бас тартты.

Ковалевтің анасы наурыздың 16-сы күні адвокаты арқылы арыз жазып, ұлының КГБ абақтысында да, ішкі істер министрлігі түрмесінде жоқ екенін айтып, оның қайда отырғанын хабарлауды өтінген. Бірақ жергілікті мекеме арызды қабылдаудан бас тартып, жоғарғы соттан сұрау керегін мәлімдеген.

Еуропарламент осы аптада Беларусь президенті Александр Лукашенкоға хат жолдап, өлім жазасына кесілген адамдардың жазасын жеңілдетуді кеңес еткен. Резолюцияда Владислав Ковалев пен Дмитрий Коноваловты тергеу барысында көптеген қателік кеткені де жазылған.

Құқық қорғаушылар да тергеу мен сот барысында көптеген қисынсыз деректер бар екенін айтып, "кінәсіз адамдар жазаланбауы үшін істі қайта қарау керек" деген еді.

ЕУРОПАДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ «ЖАЗАЛАУШЫ»

Беларусь - Еуропадағы өлім жазасын қолданатын жалғыз ел. Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының дерегінше, 1991 жылдан бері Беларусьте
Метродағы жарылыстан жараланған адам. Минск, 11 сәуір 2011 жыл.
Метродағы жарылыстан жараланған адам. Минск, 11 сәуір 2011 жыл.
400-дей адам өлім жазасына кесілген. Ел билігі ЕҚЫҰ мүшесі ретінде қанша адамға мұндай үкім шығып, нешеуі орындалғанын ашық айтуға тиіс болса да, ондай деректі жарияламайды.

Amnesty International ұйымының 2010 жылғы мәліметінше, әлемде 17 мың 800 адам өлім жазасына кесілген. Бұл үкімді жиі қолданатын - Азиядағы мемлекеттер (Қытай, Иран, Сауд Арабисы, Иемен). Ұйымның айтуынша, тек Қытайдың өзі сол жылы мыңға тарта адамға осындай үкім шығарған.

Өлім жазасын қолданудан дүние жүзінің 139 ел біржолата бас тартты. Соңғы 10 жылда 31 мемлекет мұндай үкімді заңдарынан алып тастады не қолданбайтын болды.

Бұрын СССР құрамында болған елдердің арасынан Армения, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Түркіменстан, Өзбекстан өлім жазасына заң жүзінде тыйым салды. Қазақстан, Тәжікстан және Ресей мұндай үкім шығару мен оны орындауға мораторий жариялады.
XS
SM
MD
LG