Accessibility links

Ресей Сирияда уақытша бітім жасауды қолдады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (оң жақта) Қызыл Крест комитетінің төрағасы Якоб Келленбергермен кездесті. Мәскеу, 19 наурыз 2012 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (оң жақта) Қызыл Крест комитетінің төрағасы Якоб Келленбергермен кездесті. Мәскеу, 19 наурыз 2012 жыл.
Ресей Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Сирия билігі мен көтерілісшілерін қақтығысты бір күнге тоқтата тұруға шақырған ұсынысына қосылды.

Мәскеуде комитет төрағасы Якоб Келленбергер Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескеннен кейін бұл елдің сыртқы істер министрлігі Сирия үкіметі мен оппозициялық топтарға қақтығысты тоқтатуды сұрап, үндеу жасады. Мәскеу бұған қоса Дамаскіні Қызыл Крест ұйымына тұтқындалған барлық демонстранттармен кездесуіне мүмкіндік беруге шақырды.

Дүйсенбіде Дамаскіде Сирия үкіметінің әскерлері мен көтерілісші топтар арасында ұрыс болып, екі көтерілісші мен бір әскери адам қаза тапқан. Одан бір күн бұрын, жексенбіде Дамаскі мен Алеппо қалаларында екі жарылыс болып, 30 адам құрбан болған еді.

Ресей мен Қытай бұған дейін Сирияға қатысты Батыс елдері ұсынған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына екі рет вето қойған болатын.
XS
SM
MD
LG