Accessibility links

Тулузада күдіктінің тұтқындалғаны расталмады


Күдіктіні ұстау операциясы. Тулуза, Франция, 21 наурыз 2012 жыл.
Күдіктіні ұстау операциясы. Тулуза, Франция, 21 наурыз 2012 жыл.
"Францияның Тулуза қаласында жеті адамды өлтірді деген күдікке ілінген Мохаммед Мера тұтқындалды" деген хабарды ел билігі жоққа шығарды. Полиция бұған дейін бір үйге бекініп алған күдіктімен келіссөз жүргізіп жатқан еді.

Оқиға орнына Франция президенті Николя Саркози барған.

Мера өзін «Әл-Қаиданың» сарбазымын деп мәлімдеп, «палестиналық балалардың кегін алып жүргенін, француз әскерінің мұсылман елдеріндегі операцияларына қарсылық білдіргенін» айтқан.

Билік орындарының дерегіне қарағанда, күдікті бұрын Ауғанстандағы Қандағар қаласында - талибтердің бұрынғы орталықтарының бірінде болған. Қазір оның ағасы мен анасы тұтқындалды.

Мера жеті адамның өліміне орай күдікке ілінді. 11 наурызда Тулузада десантшы сарбаз өлтірілген еді. 15 наурызда тағы екі әскери қызметкер көз жұмып, Монтобан қаласында бір адам жараланды.

Дүйсенбі күні мотоцикл мінген қарулы адам Тулузадағы еврей мектебіне келіп, үш баланы және раввинді атып кетті. Ол марқұмдарды бүгін Израильде жерледі.
XS
SM
MD
LG