Accessibility links

Беларусьте саяси белсенділердің "қара тізімі" жасалды


Беларусь президенті Александр Лукашенко. Мәскеу, 19 наурыз 2012 жыл.
Беларусь президенті Александр Лукашенко. Мәскеу, 19 наурыз 2012 жыл.
Беларусь президенті Александр Лукашенко үкіметтің шетелге шығуға тыйым салынған оппозиционерлер мен белсенділер тізімін жасағанын растады.

РТ телеарнасына берген сұқбатында Лукашенко ондай тізімнің бар екенін, бірақ заң жүзінде күшіне енбегенін айтты. Оның айтуынша, бұл - Еуропа Одағының "саяси оппозицияға қысым жасады" деген айыппен билікке жақын біраз беларусь шенеуніктеріне виза беруге тыйым салғанына қарсы амал. Жұма күні, ЕуроОдақ елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінде ол тізімге тағы 12 шенеуніктің аты-жөні қосылуы керек.

Лукашенко сұқбат барысында Еуропаның санкциясын қатайтуды қолдаған оппозиционерлерді "бесінші билік" құрмақ болды деп айыптады. Оның айтуынша, оппозиция өкілдері Беларусьтегі қандай адамдарға, қай компанияларға қарсы санкция салу керегін Еуропа Одағына жеткізіп тұрады.
XS
SM
MD
LG