Бейсенбі күні әскери төңкеріс кесірінен биліктен тайған Мали президенті Амаду Тумани Туре ел астанасы Бамакодағы АҚШ елшілігіне барып паналады.
Малиде шекара жабылып, әуе рейстері тоқтап қалды. Бамакода банк, компания сияқты мекемелердің бәрі жұмыс істемей тұр. Куәлардың айтуынша, қалада атыс дауысы естіліп жатыр.
Билікті басып алған әскерилер Демократияны қалпына келтіру жөніндегі ұлттық комитет құрғанын, конституцияның өкілетін тоқтатқанын, ендігі іс-қимылдары жайлы көрші елдермен, халықаралық ұйымдармен келіссөз өткізіп жатқанын мәлімдеді.
Әскерилердің айтуынша, бүлікке себеп болған - елдің солтүстігіндегі ереуілші туарегтермен күресіп жатқан армияны керек-жарақпен қамтамасыз ете алмаған биліктің қырсыздығы.
Екі рет президент болып сайланған Тумани Туре алдағы сәуір айында қызметінен кетуі керек болатын.
Франция бұрынғы колониясы Малимен конституциялық тәртіп, құқық пен бостандық қайта орнағанша қарым-қатынасын үзетінін мәлімдеді. Франция сыртқы істер министрі Ален Жюппенің айтуына қарағанда, бұл ел Мали халқына гуманитарлық көмек көрсете береді.