Accessibility links

Рим папасы Мексикаға барды


Рим папасы XVI Бенедикт.
Рим папасы XVI Бенедикт.
Рим папасы XVI Бенедикт Латын Америкасына алты күндік сапары аясында Мексикаға барды. Папаны Силао қаласының әуежайында Мексика президенті Филеп Кальдерон мен оның әйелі Маргарита Завала күтіп алды.

Сапарының алдында Бенедикт мексикалықтарды "есірткі саудасынан түсетін ақшаға құнықпауға" шақырған болатын.

Мексика үкіметі 2006 жылы есірткі саудасына қарсы күрес бастағаннан бері елде 47 мыңнан астам адам қаза тапты.

Бенедикт Мексикадан соң Кубаға бармақ. Кубаға бармас бұрын ол Гавананы марксизм ілімінен бас тартуға шақырған. Папаның айтуынша, бұл ілім "қазіргі заман талабына жауап бере алмайды".
XS
SM
MD
LG