Президент Нұрсұлтан Назарбаев Сеулде саммит басталар алдында АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті.
Кездесуде Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық материалдарды сақтауға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Мамандардың айтуынша, Қазақстан үкіметі АҚШ-тың көмегімен 1991 жылы Совет одағынан мұраға қалған 13 тонна байытылған уран мен плутонийді қауіпсіздендірген.
Ал саммитте сөйлеген сөзінде Обама Қазақстан мен Украинаны және басқа да мемлекеттерді ядролық материалдарын барынша қауіпсіз жерге орналастырғаны үшін мақтады.
Обама "әлемде тонналаған ядролық материалдардың террористер мен ядролық қару жасауға ұмтылып отырған елдердің қолы жете бермейтін қауіпсіз жерлерге орналастырылғанын" да айтып өтті.
Сеулде 26 наурызда 50-ден астам мемлекеттің басшылары қатысқан ядролық қару мәселелеріне арналған саммит өтті.