Accessibility links

Украина Италиядан оппозиция жетекшісін қайтармақ


Украинаның бас прокуратурасы Италиядан оппозициялық "Батькивщина" партиясы жетекшілерінің бірі, Харьков қаласының бұрынғы губернаторы Арсен Аваковты экстрадициялауға күш салып жатқанын хабарлады.

Аваковты Украина билігі "қызмет бабын асыра пайдаланды" деп айыптап отыр.

26 наурызда Украинаның ішкі істер министрлігі Аваковтың Италияда тұтқындалғанын растаған. Ол өткен жылдың қыркүйегінен бері Еуропада жүрген болатын.

"Батькивщина" партиясының басшылығы сейсенбіде Италия үкіметінен Аваковқа қозғалған істің саяси астары бар деп, оны экстрадицияламауды сұраған еді.

Партия төрағасы және Украинадағы 2004 жылғы түрлі-түсті революцияның жетекшісі Юлия Тимошенко 2011 жылдың қазанында "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталған болатын.
XS
SM
MD
LG