Accessibility links

Бас прокуратура: Әблязовтің серігі теракті ұйымдастырған


Ұлттық қауіпсіздік комитеті 24 наурызда Алматыда жоспарланған терактінің алдын алды деп хабарлады бас прокуратура 28 наурызда.

Бас прокуратураның дерегінше, теракті жасауды ұйымдастырған - 2009 жылдан бері Ұлыбританияда қашып жүрген қазақстандық, 1975 жылы туған Александр Павлов.

Хабарламада бас прокуратура Павлов терактіні ұйымдастыруда өзінің сыбайласы, тіркелмеген "Алға" партиясы жетекшілерінің бірі Мұратбек Кетебаевпен біріккенін айтады. "Олар сыбайласына 24 наурызда Алматының қоғамдық орындары мен әкімшілік ғимараттарының маңында бірнеше жарылыс жасауға тапсырыс бергені анықталды. Павлов теракті жасаушыға 25 мың АҚШ долларын бермек болды" " дейді бас прокуратура.

Қазір бұған қатысты "терроризм" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірнеше адам тұтқындалып, тергеліп жатыр.

Прокуратураның дерегі бойынша, Александр Павлов 2005 жылдан бері БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың жеке күзет қызметін басқарған. Әблязовтің сенімді серігі болып, оған банк мүлкін жымқыруға көмектескен. 2010 жылдың сәуірінде қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланған.
XS
SM
MD
LG