Accessibility links

"Халық майданы": Оппозицияны қудалау тоқтатылсын


Оппозициялық "Халық майданы" қозғалысы бейсенбіде мәлімдеме азаматтарды саяси көзқарасы үшін қудалауды тоқтатуды талап етіп, мәлімдеме жасады.

Қозғалыс мәлімдемесін бас прокуратураның тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшілерінің бірі Мұратбек Кетебаевты "24 наурызда Алматыда бірнеше теракті ұйымдастырмақ болды" деп айыптап, қылмыстық іс қозғағанына жауап ретінде жасады.

"Біз, елдегі демократиялық күштердің өкілдері бас прокуратураның бұл мәлімдемесін Қазақстанда кезекті рет қуғын-сүргін кезеңінің басталғаны деп бағалаймыз" делінген "Халық майданының" мәлімдемесінде.

28 наурызда бас прокуратура оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің серігі Александр Павлов пен "Алға" партиясы жетекшілерінің бірі Мұратбек Кетебаевты "теракті ұйымдастырды" деп айыптап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG