Accessibility links

Грекияға тағы да қаржы қажет болуы мүмкін


Грекия премьер-министрі Лукас Пападемос.
Грекия премьер-министрі Лукас Пападемос.
Грекия премьер-министрі Лукас Пападемос "Афиныға тағы да халықаралық қауымдастықтың қаржылай көмегі қажет болуы мүмкін" деп мәлімдеді.

Пападемос жұма күні Италия басылымына берген сұхбатында Грекияның халықаралық көмекке жүгінбеуге тырысатынын, бірақ қаржы тапшылығын еңсере алмай қалуы да әбден мүмкін екенін айтты.

Наурыз айында Еуроодақ басшылары Грекияға 130 миллиард еуро көлеміндегі қаржылай көмектің екінші пакетін бөлуге шешім қабылдаған. Халықаралық валюта қоры да Грекияға қосымша 28 миллиард доллар еуро бөлген.

Грекия қаржылай көмектің бірінші бөлігін 2010 жылы қаржы дағдарысына ұшыраған кезде алған.

Лукас Пападемос өткен жылдан бері Грекияның уақытша үкіметін басқарып келеді. Қаржы дағдарысынан қиналып жатқан бұл елде сәуірдің соңы мен мамырдың басында мерзімінен бұрын парламент сайлаулары өтуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG