Accessibility links

Оппозиция Қазақстан бас прокурорының қызметтен кетуін талап етті


Қазақстанда бір топ оппозициялық саясаткерлер мен азаматтық белсенділер Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың қызметінен кетуін талап етіп, ашық хат жазды.

Олар қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязовтың бірнеше серігіне лаңкестікке байланысты айып тағылғанымен келіспейді.

Бас прокуратура Әблязовтың серіктері "24 наурызда Алматының қоғамдық орындары мен әкімшілік ғимараттарының маңында бірнеше жарылыс жасауға тапсырыс бергені анықталды" деп мәлімдеген еді.

Оппозиция өкілдері бас прокуратураның 28 наурыз күнгі бұл мәлімдемесін "адамды тергеп-тексерусіз, сотсыз ата салатын Берия мен Ежов заманының домалақ арыздарына" теңейді.

"Билік Мұхтар Әблязов пен оның жақтастарынан ғана емес, "Сарыарқа" кинотеатрының арт жағында үнемі митинг өткізетін бізден де құтылмақ тәрізді" деп жазады оппозиция өкілдері 30 наурыз күні таратқан хатында.
XS
SM
MD
LG