Accessibility links

Гранитныйда 7 тұтқынның қарнын тілгені хабарланды


Ақмола облысының Гранитный кентіндегі ЕЦ 166/25 колониясында жексенбіде жеті сотталушы қарындарын тіліп, өз-өздерін жаралады деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздер агенттікке жаралылардың жексенбіде түрме тәртібіне наразылық танытып, қарындарын сым темірмен тіліп тастағанын айтқан.

Қазір олардың төртеуі облыстық ауруханаға түсіп, операция жасалған. Қалған үш тұтқынға сол жерде дәрігерлік көмек көрсетілген. "Оқиға бойынша тергеу басталып кетті" дейді агенттік.

Бірақ түрме басшылығы Азаттық тілшісіне оқиғаға түсінік беруден бас тартты.
XS
SM
MD
LG