Accessibility links

Қызылордада кемтар жандар митингіге шықты


Қызылордада бейсенбіде құлағы естімейтіндер мен мылқаулар қоғамының мүшелері рұқсат етілмеген митинг өткізді деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Митингіге қатысқан 40 шақты адам талаптарын плакаттарға жазып шыққан. Олар жұмыс жоқтықтан тұрғын үй мәселесін шеше алмай отырғандарын айтып, жеңілдік жасауды сұраған. Құлағы естімейтіндер мен мылқаулар қоғамының жетекшісі Алтын Аяпованың айтуынша, кемтарлар жұмыс істейтін цехқа үш ай бойы тапсырыс түспей, жұмыс тоқтап қалған.

Ал қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі бастығының орынбасары Жами Жаниязов бөлім қызметкерлері митингіге рұқсат етілмегендіктен полиция шақырғандарын айтады. Полиция митингіге жиналғандарға заң бұзып отырғандарын айтқан соң олар тарап кеткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG