Беларусь президенті Александр Лукашенко бейсенбіде Еуропа одағы елдерінің кері шақырып алған елшілері қайтып келсе, елге кірерде жеке-жеке тексеруден өтетінін мәлімдеді.
Лукашенко "Еуропа Одағы егер елшілерінің Беларуське қайтып келгенін қаласа, онда Беларусь үкіметіне деген ұстанымын өзгертсін" деді.
Еуропа одағы елдері ақпанда Беларуське санкция салып, Минск оған жауап ретінде Польша мен Еуропа одағы елдерінің елшілерін елден шығуға бұйырған. Бұдан соң Еуропа одағы Минскіден елшілерін кері шақыртып алған.
Беларусь Еуропа одағын "елшілерін қайтарып алып, екі жақты қарым-қатынасты шиеленістіріп жіберді" деп айыптаған болатын.