Accessibility links

Оңтүстік Осетияда сайлаудың екінші кезеңі басталды


Грузиядан бөлініп шыққан Оңтүстік Осетия республикасында 8 сәуір күні президенттік сайлаудың екінші, ақтық кезеңі басталды. 25 наурыз күні өткен алғашқы айналымда ең көп дауыс жинаған екі кандидат - елдегі қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Леонид Тибилов пен құқық қорғаушы Давид Санакоев бәсекеге түсіп жатыр.

Бұған дейін аймақтық жоғарғы сот былтырғы қараша айында өткен президенттік сайлауды заңсыз деп таныған болатын. Ол жолы оппозициялық кандидат Алла Джиоева жеңіп шыққан еді.

Жексенбі күнгі сайлауда дауыс беру құқығы бар тұрғын саны - 35 мыңға жуық. Сайлаушылардың 30 пайызы, дауыс берсе, президенттік сайлау өтті деп саналады.

Оңтүстік Осетия аймағы 2008 жылғы тамыз айында болған Ресей мен Грузия арасындағы қақтығыстан кейін Грузиядан бөлініп кеткен болатын. Бүгінге дейін бұл елдің тәуелсіздігін Ресей мен тағы бірнеше мемлекет қана мойындады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG