Accessibility links

Оңтүстік Осетияның президенті анықталды


Оңтүстік Осетияда өткен президент сайлауының екінші, ақтық кезеңінде республика КГБ-сының бұрынғы басшысы Леонид Тибилов 54 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

Оның қарсыласы - адам құқықтары жөніндегі өкіл Давид Санакоев сайлаушылардың 43 пайыз даусын жинады.

Ресми нәтиже шыққаннан кейін Тибилов халықты біріктіруге қызмет ететінін айтып, қарсыласы Санакоевті өз командасына жұмыс істеуге шақыратынын мәлімдеді.

Санакоев өзінің жеңілгенін мойындап, Тибиловті жеңісімен құттықтады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, сайлауда өрескел заң бұзушылықтар болмаған.
XS
SM
MD
LG