Accessibility links

Ауғанстанда 150 оқушы қыз судан уланды


Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар уәлаятында 150 оқушы қыз судан уланып, ауруханаға түсті. Қыздардың бастары ауырып, жүрегі айныған.

Уәлаяттың білім басқармасының өкілі Насван Маркази мектебіндегі оқушыларды қыздардың оқуына қарсы болғандар әдейі улады деп айыптады.

Уланған бірқатар қыздың денсаулығы күрт нашарлаған. Кейбірі ауруханадан соң үйлеріне қайтты. Талибанның жергілікті өкілдері балаларға тиіспейтінін айтып, оқушылардың улануына қатысы жоқ екендерін мәлімдеді.

"Талибан" қозғалысы Ауғанстанда қыздардың мектепке баруына қарсы.
XS
SM
MD
LG