Accessibility links

Жаңаөзен абақтысы бастығының соты 26 сәуірге қалды


Жаңаөзенде азапталып қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтың қызы Әсем Кенжебаева.
Жаңаөзенде азапталып қайтыс болған Базарбай Кенжебаевтың қызы Әсем Кенжебаева.
Ақтаудың мамандандырылған ауданаралық соты Жаңаөзендегі уақытша ұстау изоляторының бұрынғы бастығы Жеңіс Теміровке қатысты сот отырысын ертеңге, 26 сәуірге қалдырды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Сотқа қатысып жатқан Азаттық тілшісінің айтуынша, қылмыстық іске жәбірленуші ретінде төрт адам тартылған. Олардың бірі - 16 желтоқсандағы оқиғаларда абақтыда жараланып, қайтыс болған жаңаөзендік Базарбай Кенжебаевтың қызы Әсем Кенжебаева.

"Бүгінгі сотқа Кенжебаеваның қорғаушысы Алматыдан жете алмағандықтан қатыспады. Бірақ қалған үш жәбірленушінің екеуі сотты жүргізе беруді сұрағандықтан, сот болды. Кенжебаевтан өзге үш жәбірленуші айыпталушы Теміровтің жеке басына ешқандай шағымы жоқ екенін айтады. Сот ертең қайта жалғасады" дейді Азаттық тілшісі.

Жеңіс Теміровке 25 қаңтарда "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген іс қозғалып, ақпанда қызметінен алынған еді. Ол Базарбай Кенжебаевты заңсыз абақтыда ұстап, жараланғанына қарамай, ауруханаға дер кезінде жібермегені үшін айыпты деп танылып отыр.
XS
SM
MD
LG