Accessibility links

Ливия парламенті үкіметке сенімсіздік білдірді


Ливияның уақытша заң шығару органы - Ұлттық өтпелі кеңес Әбдел Рахым әл-Киб басқаратын ел үкіметіне сенімсіздік білдірді. Ұлттық өтпелі кеңестегі 73 депутаттың 65-і үкіметтің таратылуын қолдап дауыс берді.

Ұлттық өтпелі кеңес бұған дейін үкіметті елде қарулы күштердің қауіпсіздікті қамтамасыз ету қабілетін арттыра алмай отырғаны үшін сынаған болатын.

Ливияда 19 маусымда 200 депутаттан тұратын парламентке сайлау өтеді. Енді Ұлттық өтпелі кеңес жаңа үкіметті жасақтайды.
XS
SM
MD
LG