Accessibility links

Ливан: Сирия көтерілісшілеріне қару тасыған кеме ұсталды


Ливанда ұсталған "Лутфуллах-2" кемесі Селата портында тұр. 27 сәуір 2012 жыл
Ливанда ұсталған "Лутфуллах-2" кемесі Селата портында тұр. 27 сәуір 2012 жыл
Ливанның барлау қызметкерлері қару-жарақ тиеп Сирияға бет алған бойы ұсталды деп хабарланған кеменің экипажын тергеп жатыр.

Ливан әскерилерінің мәлімдеуінше, Сьерра-Леоне елінің туы ілінген "Лутфуллах-2" атты кемеден үш контейнер ұрыс қару-жарақтары табылған. Кеме Ливиядан жүзіп шыққан деп хабарланды.

Бұған дейін Сирия үкіметі Башар Асадтың режиміне қарсы шығып, ұрыс қимылдарын жүргізіп жатқан көтерілісшілерге қару Ливаннан контрабанда арқылы жеткізіледі деп мәлімдеп келген еді.

29 сәуір күні Сириядағы оқ атуды тоқтату келісімін бақылау үшін БҰҰ-ның жаңа өкілі генерал-майор Роберт Муд Дамаскіге сапар шекті.
XS
SM
MD
LG