Accessibility links

Иран үкіметі америкалық пастор Терри Джоунстың 28 сәуір күні Құран өртегенін айыптап мәлімдеме жасады. Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарда бұл әрекет "қорлау және арандату" деп бағаланған. Тегеран Вашингтонды мұсылман әлемінен кешірім сұрауға шақырды.

Джоунс Құран кітабы мен Мұхаммед пайғамбардың бейнесі кескінделген парақты өртеу арқылы ирандық христиан пасторы Юсеф Надарханидің түрмеге қамалуына наразылық танытқан еді.

32 жастағы Надархани 2009 жылы қамалып, басқа дінді қабылдағаны үшін өлім жазасына кесілген болатын. Иранның жоғарғы соты биылғы ақпан айында оған қатысты үкімді бекітпей қойған еді.

АҚШ-тың қорғаныс министрлігі Терри Джоунстан Ауғанстандағы НАТО әскерінің қауіпсіздігі үшін Құран өртемеуін өтінген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG