Accessibility links

Иранда парламент сайлауының екінші кезеңі басталды


Ирандағы парламент сайлауының алғашқы кезеңінде еврей әйел дауыс беріп тұр. Тегеран, 2 наурыз 2012 жыл.
Ирандағы парламент сайлауының алғашқы кезеңінде еврей әйел дауыс беріп тұр. Тегеран, 2 наурыз 2012 жыл.
Иранда жұмада парламент сайлауларының екінші кезеңіне дауыс беру басталды.

Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, 33 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр. Олардың арасында Тегеран да бар. Екінші кезеңде парламенттегі 290 депутаттық орынның 65-іне сайлау болады.

Наурызда болған алғашқы кезеңде парламенттегі орынның көпшілігін Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хоменейдің жақтастары жеңіп алған болатын. Ал президент Махмұд Ахмединежадтың жақтастары жеңіліп қалған.
XS
SM
MD
LG