Accessibility links

"Коммерсант": веб-сайтымыз DOS шабуылға ұшырады


"Коммерсант" баспа үйінің директоры Демьян Кудрявцев. Мәскеу, 3 сәуір 2010 жыл
"Коммерсант" баспа үйінің директоры Демьян Кудрявцев. Мәскеу, 3 сәуір 2010 жыл
Ресейдің күнделікті шығатын "Коммерсант" газеті веб-сайтының жойқын DOS шабуылға ұшырап, ашылмай қалғанын хабарлады.

Газет шабуыл туралы өзінің Facebook-тағы парақшасында мәлім етті. Сол себепті басылым жаңалықтарын әлеуметтік желі арқылы шығарып тұрмақшы. Коммерсанттың" хабарлауынша, бұл жолғы шабуыл 2008 жылғы наурыздан бері болмаған жойқын қаскөйлік әрекет.

Веб-сайт басшылығы бұл оқиғаның Мәскеуде өтетін "Миллилондар маршына" қатыстылығы туралы ешқандай болжам айтпады. Жексенбі күнгі маршқа 7 мамыр күні өтетін Владимир Путиннің президенттік инаугурациясына қарсылық танытушы мыңдаған адам қатысты.
XS
SM
MD
LG