Accessibility links

Жезқазғанда ереуіл тоқтады


"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны. Көрнекі сурет.
"Қазақмыс" корпорациясының кәсіпорны. Көрнекі сурет.
"Қазақмыс" корпорациясының Жезқазған аймағындағы "Анненский" кенішінде кеншілер шахтадан көтерілді деп хабарлайды Азаттық тілшісіне жергілікті басылым тілшісі Берік Жағыпаров.

Оның айтуынша, корпорацияның бас директоры Эдуард Огай жұмысшылардың талаптары толығымен орындалатынын айтып, жазбаша келісім берген. Жұмысшылар содан кейін ғана шахтадан көтерілген. Жағыпаровтың сөзіне қарағанда, корпорация "Шахтада болған 98 кенші жер бетіне шықты" деп хабар таратқан.

Ал ереуілдеген кеншілер арасында болған Бауыржан есімді жұмысшы Азаттық радиосына "шахтада 350-ге тарта ереуілші болғанын" айтады. Оның айтуынша, корпорация мамыр айынан бастап жалақыларын талап бойынша 100 пайызға өсіруге келісім берген.

5 мамырда "Анненский" кенішінің жұмысшылары ереуілге шыққан еді. Олар жалақыны шахтаға түскен адамға ең азы 150 мың теңге, ал тікелей кен өндірумен айналысатындарға 350-500 мыңға дейін айлықты көтеруді талап еткен.
XS
SM
MD
LG