АҚШ қарулы күштерінің біріккен штаб басшыларының төрағасы генерал Мартин Демпси әскерилерге исламға қарсы "жаппай соғыс" деп аталатын дәріс берілетін оқу курсын айыптады.
Норфолктегі (Вирджиния штаты) қарулы күштердің офицерлер дайындайтын штабтық колледжіндегі факультативтік курс бейбіт мұсылмандарға қарсы соғыс жүргізуді үйретуге бағытталған. Курсты оқытушылар курсанттарға қажет болған жағдайда мұсылмандарға қарсы екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегідей тәсілдерді қолдануға, өздерін исламға қарсы "қарсыласу қозғалысының" мүшелері деп санауға үйреткен.
Осыған байланысты курстың жауапты инструкторы Мэтью Дулей оқытушылық қызметінен қуылды.
Мартин Демпсидің сөзіне қарағанда, АҚШ-тың әскери ведомствосы мазмұны осыған ұқсас курстың басқа жерде оқытылған-оқытылмағанын анықтамақ.