Accessibility links

Эвангелос Венизелос мандатын қайтарып берді


Грекия социалистер партиясының (ПАСОК) төрағасы Эвангелос Венизелос. 7 мамыр 2012 жыл.
Грекия социалистер партиясының (ПАСОК) төрағасы Эвангелос Венизелос. 7 мамыр 2012 жыл.
Грекия социалистер партиясының (ПАСОК) төрағасы Эвангелос Венизелос үкімет құру мандатын бүгін ел президенті Каролос Папульяске қайтарып берді. Ол - Грекияда бір апта бұрын өткен парламент сайлауы нәтижесінен кейін коалиция құру ісінен бас тартқан үшінші партия басшысы.

Ел президенті Папульяс дүйсенбіге дейін партия басшыларын ұлттық бірлік үкіметіне қосылуға үгіттемек. Бейсенбіге дейін ешкім ымыраға келмесе, Грекияда маусым айында қайтадан сайлау өтеді.

Грекиядағы жағдай қарыз дағдарысына кері әсер етуі мүмкін. Өйткені жуықта өткен сайлауда Еуропа Одағы (ЕО) мен Халықаралық қаржы қоры (ХҚҚ) келісімінің шарттарын қолдамаған партиялар жеңіске жеткен.

ЕО мен ХҚҚ Грекияға "бюджет шығындарын қатты қысқартса ғана қаржылай көмек беретінін" айтқан.
XS
SM
MD
LG