Accessibility links

Украина соты Тимошенконың шағымын қарайды


Литва президенті Даля Грибаускайте Юлия Тимошенконың халін сұрады. Харьков, 11 мамыр 2012 жыл.
Литва президенті Даля Грибаускайте Юлия Тимошенконың халін сұрады. Харьков, 11 мамыр 2012 жыл.
Сейсенбіде Украинаның мамандандырылған жоғарғы соты бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконың сот үкіміне қарсы түсірген кассациялық шағымын қарайды.

Тимошенко өткен жылы "Ресеймен газ келісімін жасасуда қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталған. Ал өткен айда ол түрме қызметкерлерінің ұрып-соққанын айтып, аштық жариялаған еді. Осыған байланысты Тимошенко түрмеден Харьков қаласындағы ауруханаға ауыстырылды.

Ал дүйсенбіде Юлия Тимошенко жатқан ауруханаға АҚШ елшісі Джон Теффт пен мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Томас Мелиа келген. Джон Теффт "АҚШ Украинаның Тимошенко мен оның партиясын қудалауын айыптайтынын" айтты. Ал өткен аптада Тимошенкоға Литва президенті Даля Грибаускайте кіріп шыққан.

15 мамырда Киевтің апелляциялық соты Украинаның бұрынғы ішкі істер министрі Юрий Луценконың сот үкіміне қарсы түсірген шағымын қарайды. Луценконы сот "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен төрт жылға бас бостандығынан айырған.

Тергеу мәліметтері бойынша, Луценко ішкі істер министрі болып тұрған кезінде көлік жүргізушісіне заңсыз түрде зейнетақы тағайындап, үй берген.
XS
SM
MD
LG