Accessibility links

Байқоңырдан Ресей мен АҚШ ғарышкерлері ұшты


Байқоңырдан ұшырылып жатқан ғарыш кемесі. Көрнекі сурет.
Байқоңырдан ұшырылып жатқан ғарыш кемесі. Көрнекі сурет.
Сейсенбіде Байқоңырдан халықаралық ғарыш станциясына "Союз ТМА-04М" ғарыш кемесімен екі Ресей космонавы мен АҚШ астронавы ұшырылды.

Ресейлік Геннадий Падалка, Сергей Ревин мен НАСА астронавы Джозеф Акаба ғарыштағы халықаралық станцияға сәрсенбі, 16 мамырда жетуі тиіс.

2011 жылдың желтоқсанынан бері қауіпсіздік мәселесіне байланысты Байқоңырдан космонавы бар ғарыш кемесі ұшырылмай келген болатын

Ресейлік ғарыш мамандары ғарыш кемесінің орбитаға сәтті шыққанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG