Accessibility links

Сирияда үкімет пен оппозиция арасында тағы атыс болды


Сирия астанасы Дамаскінің үстінен көрініп тұрған жарылыс түтіндері. 10 мамыр 2012 жыл.
Сирия астанасы Дамаскінің үстінен көрініп тұрған жарылыс түтіндері. 10 мамыр 2012 жыл.
Азаттық радиосының Орыс қызметінің хабарлауынша, 20 мамырда Сирияда Дамаскінің шетінде тағы да үкімет әскері мен оппозицияның арасында қарулы қақтығыс болды.

Осы елдегі құқық қорғау тобының мәліметі бойынша, атыс Сирия астанасының қасындағы Кафр-Сусс ауданындағы блокпост жанында басталған. Адам шығыны туралы мәліметтер жоқ.

Дамаскінің екінші шетіндегі Дум ауданында бірнеше жарылыстар болған. Ал кеше, 19 мамырда жанкешті жасаған террорлық әрекеттен тоғыз адам қаза тапты.

Сирияға БҰҰ бақылаушылары барғанымен, елдегі қарулы қақтығыстар тоқтамай тұр. Башар Асад режимі мен қарсыластарының арасындағы қақтығыс 2011 жылдың наурызынан бері тыншымай келеді.
XS
SM
MD
LG