Accessibility links

Пәкістан АҚШ-тан әуе шабуылын тоқтатуды талап етті


Пәкістан президенті Әли Асиф Зардари.
Пәкістан президенті Әли Асиф Зардари.
Пәкістан президенті Әли Асиф Зардари АҚШ-тан әскерилерінің пилотсыз басқарылатын ұшақтармен өз территориясын атқылай беру мәселесін түпкілікті шешуді талап етті.

Пәкістан президенті өкілінің сөзіне қарағанда, талапты Зардари Чикагода өткен НАТО саммитінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонға оңаша айтқан. Президент бұған қоса америкалық әскерилердің қателесіп жасаған соққысынан пәкістандық 24 әскери қызметкер қаза тапқаны үшін АҚШ-ты кешірім сұрауға шақырған.

Наурыз айында АҚШ әскерилері Пәкістанның солтүстік-батыс аймағына алыстан басқарылатын зымыранмен соққы жасап, 24 адам қаза тапқан еді. АҚШ әскерилері соққы Солтүстік Вазиристандағы Талибан базасына берілгенін айтқан. Осы оқиғадан соң Пәкістан Ауғанстандағы НАТО әскеріне өз территориясы арқылы жүк тасымалдауға рұқсат бермей қойды.
XS
SM
MD
LG