Accessibility links

АҚШ сенаты Иранға жаңа санкция салды


Мұнай танкері. Көрнекі сурет.
Мұнай танкері. Көрнекі сурет.
АҚШ сенаты Иранға қарсы жаңа экономикалық санкциялар салуды мақұлдады.

Бұл жолғы санкцияға Иранның National Iranian oil және National Iranian tanker деп аталатын екі мұнай компаниясы ілінді. Жаңа санкция Иран мұнайын экспорттау процесін одан ары қиындата түспек.

Батыс елдері "Иран ядролық қару жасап жатыр" деп күдіктенеді. Тегеран мұны түбегейлі жоққа шығарады. Бұған дейін санкцияны күшейтетін заң жобасын АҚШ конгресінің төменгі палатасы да қабылдаған. Енді конгрессмендер санкция бойынша бірлескен құжат қабылдамақ.
XS
SM
MD
LG